Таразда түн ортасында металлургия зауытының трансформаторы өртке оранды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құтқарушылар жалынмен 3 сағат бойы арпалысқан. Ал трансформатор ішінде 60 тонна май болғандықтан, жалынды өшіру қиынға соғыпты. Дегенмен 30-дан аса өрт сөндіруші шапшаң қимылдап, тілсіз жаудың зауыт ғимаратына таралуына тосқауыл болды. Өзге тоқ реттеуші жабдықтарға жалын жетпеді. Әзірге апаттың нақты себебі белгісіз. Шығын көлемі есептеліп жатыр.
– 20 маусымда сағат 22:13-те жоғары вольтты трансформатор жанып жатыр деген хабар келіп түсті. Жалын шамамен 80 шаршы метрді шарпыған. Трансформатор зауыттан алшақ тұрғандықтан, өзге нысандарға қауіп төнген жоқ. Тек жанған майды өшіру қиын болды, – деді облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің бастығы Ілияс Қапашев.
Оқи отырыңыз: Бурабайда таудан түсе алмай қалған турист құтқарылды