ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы, еңбек сіңірген мұғалім Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова 69 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жылангөзова Раиса Рахымжанқызы 1952 жылы 10 сәуірде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында туған.
Қарақыста ауылындағы Сүйінбай (Октябрь) орта бектебінде ұзақ жылдар мұғалім болған.
Алматы қаласындағы балаларды оңалту орталығында меңгеруші қызметінде болды.
Еңбек ері атағы төс белгісімен, Құрмет орденімен марапатталған ұлағатты ұстаз. Екі қыз бір ұл тәрбиелеп артына білім мен тәрбие қалдырған аяулы ана.
Зейнетке шыққан соң Нұр-Сұлтан қаласында мұғалім болды.
«Алматы» телеарнасының ұжымы Аида Балаеваның анасының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.