Алматылықтар жарылыстан қаза болған әскерилердің отбасына көңіл айтып, қайғысына ортақтасты

Ел басына күн туған сәтте қаза тапқан батырлардың есімі ұмытылмай, халық жадында мәңгі сақталары сөзсіз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысындағы жағдай қалың елдің қабырғасын қайыстырды. Ел басына күн туған сәтте қаза тапқан батырлардың есімі ұмытылмай, халық жадында мәңгі сақталары сөзсіз. Соған байланысты қала тұрғындары да марқұм болған азаматтардың отбасына көңіл айтып, қайғасына ортақтасты, деп хабарлайды Almaty.tv

«Біздің халқымыз қарапайым. Адамгершілігі өте мол адамдар. Сондықтан да қайғыға ортақпыз. Баршамызға иман мен сабыр тілейміз», – деді қала тұрғыны Гүлмира Қасенова.

«Жарылыс бүкіл қазақтың басына келген қайғы деп ойлаймын. Қайтыс болған азаматтарға және отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Арты қайырлы болсын», – деді қала тұрғыны Дәурен Жолманов.

Одан бөлек сұхбат берген алматылықтардың арасында кезінде Арыс қаласындағы жарылысты өз көзімен көрген тұрғындар да табылды.

«Жамбыл облысында болған жағдайды естіп жатырмыз. Арыс қаласында да болған болатын. Өзім Арыстан боламын. Бұл жағдай өзіміздің де басымыздан өткен болатын. Қазіргі Жамбыл облысындағы халыққа қайғырып, көңіл айтамыз. Мұндай жағдай тағы да қайталанбасын», – деді қала тұрғыны Назерке Бекет.

Новости партнеров