|
13.06.2023 | 12:14
330

Алматыда жол жүру ережесін өрескел бұзған көлік кортежі ұсталды

Олар жолда апатты жағдай тудырғаны үшін айыппұл төлейді

Алматыда жол жүру ережесін өрескел бұзған көлік кортежі ұсталды wikipedia.org

Алматы полициясы жол жүру ережелерін бұзған көлік кортежін құрықтады, – деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz.-ке сілтеме жасап

Бірнеше көлік болып тізбектеліп жол жүру ережелерін өрескел бұзған көлік кортежінің жолын калалық жергілікті полиция басқармасының мамандандырылған арнайы батальон қызметкерлері кесті. 8 көліктен құралған кортеж жүргізушілеріне қатысты 11 әкімшілік хаттама толтырылды.

Олар жолда апатты жағдай тудырғаны, өзге жол қозғалысы қатысушыларының жолын кескені үшін техникалық тексеру қағаздарының жоқ болуы, жол белгілері талаптарын сақтамау сияқты өрескел ереже бұзғандықтары үшін айыппұл төлейтін болады.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир