|
05.03.2019 | 12:35
4952

«Көшеге шығамыз, болды»: министр Наурыз мейрамын тойлауды неге өзгерткісі келеді?

Мұхамедиұлының пікірінше, Наурыз кезінде балалар басты назарға алынбағанға дейін бұл мереке барлығын қамтып жатыр деп айту қиын

«Көшеге шығамыз, болды»: министр Наурыз мейрамын тойлауды неге өзгерткісі келеді? Sputnik

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Наурыз мейрамын неге басқа форматта атап өту қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәдениет министрінің пікірінше, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы жалпықазақстандық сипатқа ие болуы керек.

«Басты идея – мейрам балаларға арналуы тиіс. Әйтпесе, қазір біз көшеге шығамыз, аз ғана уақыт серуендейміз, сонымен болды. Ал балалар өз бетімен қалады. Мейрам кезінде балалар басты назарға алынбағанға дейін біз бұл мереке барлығын қамтып жатыр деп айта алмаймыз. Наурыз бәрінің басын біріктіретін мерекеге айналуы тиіс», - деді Мұхамедиұлы үкімет кулуарында.

Осы орайда министр күнтізбелік Жаңа жылды мысалға келтірді. Айтуынша, Жаңа жыл кезінде ересектер кішкентайларды қуанту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатады.

«Барлығы балалардың айналасында шыр көбелек жүреді. Аяз Ата шақырады, балалардың көңілін көтереді. Ал Наурыз мейрамында балалар оқуда болғандықтан, мұны мереке деп атау қиын», - деп санайды Мұхамедиұлы.

Айта кетсек, биыл қазақстандықтар Наурыз мейрамы кезінде бес күн демалады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир