|
20.12.2022 | 15:46
2224

Астанада І Орталық Азия медиафорумы жұмысын бастады

Іс-шараға 100-ден астам спикер қатысады

Астанада І Орталық Азия медиафорумы жұмысын бастады Almaty.tv

Астанада бірінші Орталық Азия медиафорумы жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Бүгін әлемдік Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Астанада бас қосты. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған Орталық Азия форумына 100-ден аса спикер арнайы шақыртылған. Ақпараттық алаңда олар медианы дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, ортақ медиа кеңістік құру идеясын сарапқа салатын болады

Бас қалада  сөзін сараптап, салмақтап, ой тастай білетін 100-ден аса әлемдік БАҚ өкілдері бас қосты. Жиынның алғашқы күнінде түрлі секцияға бөлінген 8 шара өткізіледі. «Бейбітшілік этикасы», «Балаларға арналған телевизиялық контент, фейк және ақпараттық қауіпсіздік» сынды тақырып талқыланады.

«Біз жаһандану дәуірінде өңірлік ақпараттық кеңістікпен шектелмеуіміз керек. Бірлескен медиа өнімдер жасап, ортақ құндылықты халықаралық деңгейге дәріптеу аса маңызды. Сол арқылы орталық Азия елдерінің жасампаз идеясы мен жарқын ісін жер жүзіне танытамыз», – деді ҚР мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин.

Форумға Түркияның он бірініші президенті Абдолла Гүл, Монғолияның үшінші президенті Намбарын Енхбаяр да арнайы шақыртылған. Түрік елінің экс-президенті медианың қазіргі қоғамдағы рөлі маңызды екенін айтты.

«Жаңа дәуірде ішкі және халықаралық мәселелерді дұрыс шешу қажет. Ол үшін неғұрлым ашық, есеп беретін, ынтымақтастыққа бейім және жаһандық деңгейде икемді болу қажет. Барлығы медиа биліктің қайнар көзі ретінде қарастырылуы керек, өйткені ақпараттық дәуірде соңғы цифрлық трансформацияларды ескере отырып, бізде кез келген ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік бар», – деді Түркияның он бірінші президенті Абдулла Гүл

Орталық Азия форумы ертең де жалғасады. Осы алаңда танымал әнші Димаш Құдайберген мен әлемдік «Peace one day» жобасының авторы Джереми Гилли арнайы сессия өткізеді деп күтіліп отыр.

Кәмшат Мұхамеджан, Ринат Өтеев, Данияр Омар, «Алматы» телеарнасы





Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир