Шымкентте медбикені зорлады деп айыпталған дәрігер ақталып шықты
tengrinews.kz
Сот сотталушының кінәсін дәлелденбеген деп тауып, оны кінәсіз деп таныды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық соты медбикені зорлады деп айыпталған дәрігерді ақтады. Сот сотталушының кінәсін дәлелденбеген деп тауып, оны кінәсіз деп таныды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Тергеушіге қатысты сот тергеу жүргізу кезінде жіберілген өрескел заңбұзушылықтар туралы полиция департаменті басшылығының атына қаулы шығарды. Сот ақталған адамға оның моральдық зиянды өтеуге қол жеткізу құқығы туралы түсіндірді.
Жәбірленуші тарап бірінші сатыдағы соттың шешіміне шағымдануды көздеп отыр.
Айта кетейік, осыған дейін "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі Дина Смаилова Facebook парақшасында Шымкентте дәрігердің медбикені жұмыс орнында зорлағаны туралы ақпарат жариялаған еді. Бұл қоғамда үлкен дау тудырды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10