Қарағанды облысында жасөспірім жаттығу кезінде қайтыс болды
tengrinews.kz
14 жастағы бала каратэ секциясының жаттығу кезінде дене жарақатын алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
8 наурызда Қарағанды облысы Дубовка ауылының 14 жастағы тұрғыны қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Полицейлердің мәліметінше, 14 жастағы бала каратэ секциясының жаттығу кезінде дене жарақатын алған.
«Осы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр. Болған жағдайға қатысты баланың бапкері және жедел жәрдем қызметкерлерінің іс-әрекетіне тексеріс жүргізіледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа деректер жарияланбайды», - деді полиция өкілдері.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жасөспірімнің жедел жәрдем қызметі келгенше қайтыс болғанын айтты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13