AlmatyTV арулары ер азаматтарды ерекше құттықтады

Almaty tv
Almaty tv
Биыл ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасының арулары ер азаматтарға ерекше тосынсый жасады.

Олар 7 мамыр – ҚР Қарулы Күштер күніне орай арна жігіттеріне таңертен жарты сағат спорттық жаттығу ұйымдастырды.

Арна жігіттері қол күрес, гір көтеру, секіру т.б спорт түрлерінен бақ сынады. Сонымен қатар қызықты да тартысты өткен жарыста жақсы өнер көрсеткен азаматқа сыйлық берілді.

Айта кетейік, биыл ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толады.

Алматыда 5-8 мамыр аралығында ардагерлер тұратын қаланың тұрғын үй кварталдарында, шағынаудандарында әскери оркестрдің қатысуымен концерттер өтеді. 

7 мамырда сағат 12.00-де «Бақшасарай» залында Бостандық ауданының әкімдігі мерекеге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырады.

Қала орталығында ғана емес, басқа аудандарда да мерекелік шаралар өтеді: 6 мамыр күні сағат 11.00-де Алатау ауданы әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда аудан ардагерлері мен жастардың қатысуымен «Ер есімі-ел есінде» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтеді.






Новости партнеров