|
01.05.2020 | 15:23
6471

Алматылық ерлі-зайыпты полицейлер: «Қазақстан халқының бірлігі күні – біз үшін отбасылық мереке»

Алматы полициясында қызмет ететін ерлі-зайыптылар – екі ұлттың өкілдері

Алматылық ерлі-зайыпты полицейлер: «Қазақстан халқының бірлігі күні – біз үшін отбасылық мереке» Фото: Polisia.kz

Дәстүр бойынша Қазақстанда бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін әртүрлі ұлт өкілдері 24 жылдан бері Қазақстан халқының бірлігі күнін атап келеді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап жүрген Алматы полициясының жеке құрамында да этникалық топтар достығының шежіресі көптеп табылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясында қызмет ететін ерлі-зайыптылар бар, олардың екеуі де әртүрлі ұлт өкілдері. Түрксіб аудандық Полиция басқармасының кезекші бөлімінің инспекторы Данияр Байдуалиев пен оның әйелі, сол ауданның ювеналды полиция инспекторы Гузель Мұсаеваның отбасын ұлттар жарастығының мәуелі жемісінің бір мысалы деуге болады.

«Қазақстан халқының бірлігі күні – біздің отбасымыз үшін өте маңызды мереке. Біз оны тағатсыздана күтеміз. Дәстүр бойынша дастархан жайып, қонақтарды шақырамыз, ұлттық тағамдар дайындаймыз. Бұл жыл біздің елде енгізілген төтенше жағдай мен карантинге байланысты ерекше жыл болды. Екеуіміз де қызметте болғандықтан, мерекені тойлауға уақыт жоқ», – деп түсіндірді Данияр.

Данияр мен Гузель 2007 жылы ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу кезінде, алғашқы дайындық курстарында танысты. Жастар үш жыл бойы дос болды. 2010 жылы отбасын құрды. Бүгінде олар екі ұл тәрбиелеп отыр.

«Біз әр түрлі ұлт өкілдері екенімізге қарамастан, бақытты отбасы құра алдық. Біздің керемет ата-аналарымыз бар. Туыстарымыз әрқашан қолдайды. Біз қазақ және ұйғыр дәстүрлерін құрметтейміз. Осы жылдар ішінде мен қазақ тілін жетік біле бастадым. Ұлдарымыз патриотизм мен бірлік рухында тәрбиеленеді. Айтпақшы, олар өте ақылды және еркін азаматтар болып өсіп келеді. Біз 10 жыл бойы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз. Ең бастысы, біздің үйде ізгілік пен махаббат орнаған», – дейді Гузель.


 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир