Елімізде уақыт кері қайтарылуы мүмкін

Almaty.tv
Almaty.tv

Сауда және интеграция министрлігі өтінішті қайта қарай бастады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде уақыт кері қайтарылуы мүмкін. ePetition сайтында жарияланған біріңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияға бір жарым айдың ішінде 50 мың адам қол қойған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Авторлардың сөзінше, сағат айырмасы адамдардың денсаулығына кері әсер етіп, күнделікті өмірде қолайсыздық туғызған. Ал Сауда және интеграция министрлігі өтінішті қайта қарай бастады. Нақты шешім шығару үшін 40 жұмыс күні қажет.

– Өткен аптаның соңында Сауда және интеграция министрлігі петицияны тіркеп, жан-жақты қарастырып жатыр. Енді ведомство өзгеріске мүдделі мемлекеттік органдарды, қоғамдық бірлестіктер мен Парламент Мәжілісінің депутаттарын біріктіретін жұмыс тобын құрады. Өтінішті қарау мерзімі 40 жұмыс күнін құрайды. Берілген уақыт ішінде бір шешімге келуіміз керек, – деді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлия Әбдірахманова.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысындағы ауылға қызғылт қоқиқаздар ұшып келді

Новости партнеров