Ақмола облысында мектеп оқушысының сөмкесінен есірткі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Заклад» облыстық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жедел уәкілдер «тауар» сатып, ақша жасамақ болған мектеп оқушысын ұстады. Жасөспірімнен тәуелділікті қоздыратын 230 таблетка табылды.
«Тәркіленген дәріхана препараты жасөспірімдер мен жастар арасында танымал, өйткені ол энергия деңгейін жоғарылату және көңіл-күйді жақсарту құралы болып саналады. Мәселен, аталмыш таблетканы жастар үнемі қолданған кезде ғана есірткіге тәуелділік қалыптасады. Алайда бұл препарат – героиннің синтетикалық опиаты және оны бірнеше рет қолданудың соңы есірткіге тәуелділікті тудырады», – деді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Виталий Гудыменко.
Қазіргі таңда сараптама тағайындалып, аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.