Атырауда қайын атасының атынан 4,5 млн теңге кредит рәсімдеген ер адам ұсталды

dauletten.kz
dauletten.kz
Зейнеткер полицияға арыз жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда қайын атасына 4,5 миллион теңгеге заңсыз кредит рәсімдеген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

65 жастағы зейнеткерді бірнеше банктің қызметкері мазалай бастады. Барлығы бірдей қарыздың қайтарылмай жатқанын айтқан. Бас кезінде ер адам сенген жоқ. Одан кейін банктерге барып, шынымен де жалпы сомасы 4 миллион теңгеден асатын кредит бар екенін білді. Бірақ өзі ақшаны қарызға алмаған. Зейнеткер полицияға арыз жазды.

"Тергеу кезінде 34 жастағы ер адам ұсталды. Ол зардап шеккен зейнеткердің күйеубаласы болып шықты. Алаяқ қайын атасының сеніміне әбден кіріп алған. Былтырдан бері түрлі банк пен қаржы ұйымдарында зейнеткердің атына кредиттер рәсімдеген. Қарыздың сомасы да әртүрлі. 55 мың теңгеден бастап, 2 миллионға дейін барады. Ал кредиттердің жалпы сомасы 4 499 542 теңге", – дейді полицейлер.

Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі ("алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Оған сәйкес, адамның мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Новости партнеров