Халыққа көмек көрсету жұмыстары ретке келтірілген - Ринат Зайытов

Халыққа көмек көрсету жұмыстары ретке келтірілген - Ринат Зайытов
Депутат өрт әлі де ауыздықталмағанын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Абай облысындағы ахуал туралы айтты,деп хабарлайды Almaty.tv. тілшіс Azattyq Ruhy. -ке сілтеме жасап.

- Біз Абай облысындағы жағдайды өз көзімізбен көріп, бақылау үшін барған едік. Түнде қайтып келдік. Өрт ауыздықталды, тоқтатылды деп айта алмаймыз. Ол жерге техникалық көмек көп қажет. Желдің тоқтамауы мен жаңбырдың болмауы сынды табиғи факторлар да қатты әсер етіп жатыр. Тек AMANAT партиясы ғана емес, жергілікті халықтың белсенділігі, көшірілген халыққа көмек көрсету сынды іс-әрекеттер ретке келтірілген. Барлығы қалыпты жоспар бойынша жұмыс істеп жатыр, - деді Ринат Зайыов.

Депутат атағандай, басты проблема – отты ауыздықтап тоқтату.

- Осы жағынан келгенде сұрақ өте көп. Қалай тоқтатады? Қашан тоқтатады? Қазірдің өзінде «Семей орманы» резерватының 10 пайызына дейінгі аумағы өртеніп жатыр. Кеше біз барған Талица деген ауылға біз кеткен соң түнде от барған. Бұлақ деген ауылды түтін жайлаған соң адамдарды көшірген. Қазіргі ахуалы осындай болып отыр, - деді Ринат Зайытов.

Айта кетейік, Абай облысындағы алапат өрт кезінде 14 адам қаза тапты.


Новости партнеров