Мектеп бітіргеніне 50 жыл толған түлектер кездесуі елді тәнті етті

Мектеп бітіргеніне 50 жыл толған түлектер кездесуі елді тәнті етті
Олар бірдей көк көйлек киіп, қызғылт түсті лента таққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданында ерекше кездесу кеші ұйымдастырылып, осы білім шаңырағын 1970-1971 оқу жылында бітірген түлектер бас қосты. Бұл көрініс желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесуге сынып жетекшісі мен география пәнінің мұғалімі келген.


Мектеп бітіргеніне 50 жыл толған түлектер бәрі бірдей көк көйлек киіп, қызғылт түсті лента таққан. Балалық шақтарын еске алып, би билеп, кездесуді көңілді өткізіп жатқандары байқалады. Түлектердің ерекше кездесуіне сүйсінген желі қолданушылары жылы лебіздерін жаудырды.

«Қандай күшті», «Керемет», «Супер», «Бізге де бұйырсын», «Қариялар сарқылмас дариялар, Қариясы бар бақытты жанұялар. Көңілдерін кір шалмай жүзге жетіп, Аман жүрсін әрқашан қариялар», «Алла бізді де осындай той тойлауға жеткізсін, керемет, әке-аналарымыз аман болсын», – деп жазды желі қолданушылары.


Новости партнеров