Зейнетақы жинағын алғысы келетіндер үшін жаңа қызмет іске қосылды

egemen.kz
egemen.kz
Енді ерікті зейнетақы жарналарын алғысы келетіндер өтінішті үйден шықпай-ақ бере алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Салымшылар зейнетақы қорында кемінде 5 жыл жатқан ерікті зейнетақы жарналарынан төлем алу үшін enpf.kz сайты арқылы өтініш бере алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онлайн қызмет салымшылардың уақытын үнемдеу және оларға ыңғайлы болу үшін іске қосылды.

Енді шотында кемінде бес жыл жатқан ерікті зейнетақы жарнасы бар қазақстандықтар БЖЗҚ корпоративтік сайтындағы жеке кабинет арқылы зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтініш бере алады.

Төлем кімге беріледі:

- міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен: белгісіз мерзімге 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;

- ЕЗЖ есебінен:

  50 жасқа толған адамдар;

  мүгедектігі бар тұлғалар;

БЖЗҚ –дағы шотында кемінде бес жыл жатқан ЕЗЖ және олар бойынша есептелген инвестициялық кіріс көлемінде зейнетақы жинақтары бар адамдар.

Өтініш беру үшін алушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы керек.

Сондай-ақ, «Электрондық қызметтер» бөліміндегі «Менің төлемдер / аударымдар бойынша өтініштерім» қызметін пайдалана отырып, enpf.kz сайтында «БЖЗҚ» АҚ-да тіркелген төлем туралы өтінімнің орындалу жағдайын бақылай аласыз.

2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша. жоғарыда көрсетілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін 2,8 мыңға жуық алушы БЖЗҚ кеңселеріне өтініш беру арқылы кемінде бес жыл бойы БЖЗҚ-да сақталған ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығын пайдаланды. Енді ЕЗЖ жинақтарын төлеуге өтінішті үйден шықпай-ақ беруге болады.

Новости партнеров