Тамара Дүйсенова: Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар «тәуелсіз жұмыскер» деп аталады

egemen.kz
egemen.kz
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар «тәуелсіз жұмыскер» деп аталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Әлеуметтік кодекстің бесінші жаңалығы – халықты жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдері. Ұсынылған жаңа тәсілдер 3 бағытты көздейді. Бірінші – еңбек нарығын либерализациялау. Ол икемді жұмыспен қамтудың барлық түрлерін, оның ішінде платформалық жұмыспен қамтуды білдіреді. Бұл өзгерістер негізінен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды әлеуметтік тәуекелдерден сақтандыру, ал тәуекел болған жағдайда әлеуметтік қолдауды қарастырады. Осы мақсатта бұл санаттағы азаматтарды «тәуелсіз жұмыскер» деп атау, олардың жария шарттарын жұмыс шарты ретінде тану, платформа операторларын салық агенттері ретінде белгілеу сияқты жаңа тәсілдер енгізу көзделген», – деді министр.

Оның атап өтуінше, екінші бағыт – жұмыс күшінің дағдыларын арттыру. Дағдылар мен құзыреттерді бағалау үшін сертификаттау жүйесі енгізіледі.

«Үшінші бағыт – жұмыспен қамтудың цифрлық орталықтары. Бүгінгі таңда азаматтарға жұмыс іздеу, жұмыссыз ретінде тіркелу, жұмысынан айрылған кезде әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш беру процесі толығымен цифрландырылып, Электрондық еңбек биржасы арқылы жүзеге аса бастады. Осыған байланысты аймақтардың ерекшелігін ескере отырып, өңірлік еңбек нарықтарын дамыту жөніндегі барлық бастамалар мен бағдарламаларды үйлестіретін аумақтық мобильді орталықтар және жұмыспен қамтудың цифрлық орталықтарын енгізу қарастырылады», – деді Тамара Дүйсенова.

Новости партнеров