Президент Әзірет Сұлтан мешітіне барып, құрбандық шалды

Аkorda.kz
Аkorda.kz
Мешітте президенттің атынан құрбандың шалынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды, деп хабарлады Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz.

Мешітте президенттің атынан құрбандың шалынды. Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды. Мешітте Құран оқытылып, мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды. Айта кетейік, бұған дейін президент қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтаған болатын.

- Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам. Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор. Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі, - деген еді Президент.

Оқи отырыңыз:Ерболат Досаев алматылықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Новости партнеров