Журналист Кеосаянның Қазақстанға кіруіне тыйым салынуы мүмкін – ҚР СІМ

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік журналист Тигран Кеосаянның сөздеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қорлаушы және объективті емес сөздері назар аударады.

Мүмкін, оның мәлімдемесі ресейлік қоғамның белгілі бір бөлігінің және саяси истеблишменттің көзқарастарын көрсететін шығар, бірақ елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге сәйкес келмейді.

Мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынастың атмосферасын уландырады және стратегиялық серіктестіктің қарсыластарының «пайдасына» түседі.

Ол Қазақстанға кіру үшін жағымсыз адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын», – деді Айбек Смадияров.

Новости партнеров