Денис Тенді өлтірген жерде танымал әншінің көлік айнасын ұрлап кетті

Денис Тенді өлтірген жерде танымал әншінің көлік айнасын ұрлап кетті
Қазақстандық әнші Рано Омарова автокөлік ұрыларының құрбанына айналды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық әнші Рано Омарова автокөлік ұрыларының құрбанына айналды. Белгісіз біреулер көлігінің бір айнасын мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге шабуыл жасалған жерде ұрланған деп хабарлайды Nur.kz.

Әнші болған оқиға жайлы Instagram парақшасында бөліскен. Ол қатты ашулы екенін жеткізген.

«Денис Тен көлігінің айнасы ұрлануына қатысты қайғылы жағдай жақында ғана болған сияқты еді. Тексерулер жүргізіліп, алдын алу шаралары жасалса да, айна ұрлау әлі жалғасуда.

Мұны не үшін айтып отырсың дейсіздер ме? Өткен демалыс күндері тура сол жерде, сол көше қиылысында, 50 метр жер жетпей менің көлігімнің айнасын алып кетті. Бәрін кесіп әкеткен, корпусын түгел. Екінші айнаны алып үлгермеген, себебі, мен 20 минуттан кейін шықтым!», – дейді Рано.

Әнші қасында адам болғандықтан оларды үркітіп жібердім дейді. Әйтпесе не боларын білмеймін деп отыр. Ол айна ұрлау тоқтамаса, демек ұрылар әлі де қаруланып жүр деген тұжырымға келген.

«Мұндай жағдайда қауіп мүлігімізге ғана емес, біздің өмірімізге төніп тұр деген сөз!», – деп баса айтты Рано Омарова.

Өнер иесінің сөзінше, полицейлер оқиға орнына тез келген, өте сыпайы болған. Алайда, олар ол жерде камера бар-жоғын білмеген.

Раноның ойынша, қылмыскерлер табылмайды, бірақ табылып қалар деген үміті де жоқ емес.




Новости партнеров