Алматыда бақылаушылардың үйлерді аралау жұмыстары аяқталады

коллаж Almaty.tv
коллаж Almaty.tv
Санақтан www.sanaq.gov.kz сайты арқылы өтуге болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз


8 қарашада Алматыда әрбір есептік учаскеде тұрғын үйлердің 10 пайызын қамтитын бақылаушы аралау аяқталады, деп хабарлайды Almaty.tv.


«Бұл кезең 2021 жылғы халық санағы кезінде халықты тіркеудің толықтығын және деректер сапасының сенімділігін тексеру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл шара сонымен қатар сұхбатшылардың әрбір тұрғын үйді аралауын және барлық респонденттері үшін сауалнамалар толтырылғанына сенімді болуды қамтамасыз етеді. Қандай да бір себептермен санақтан өте алмаған тұрғындар бізге хабарласыңыз, біз сізді санақтан өткіземіз!» – делінген хабарламада.

Айта кетейік, санақтан www.sanaq.gov.kz сайты арқылы өтуге немесе қаланың 1446 нөміріне, ұялы телефоныңыздан 8 8000 800 878 нөміріне тегін қоңырау шалып, санақтан өтпегеніңізді хабарлауға болатынын естеріңізге саламыз. Алматы қаласы бойынша Санақ басқармасының телефоны 8 (727) 330-89-16. Немесе Алматы қаласының аудандарындағы кураторлардың телефондарына тікелей қоңырау шалыңыз.


Новости партнеров