Алматы қаласының мәслихат депутаты Шухрад Шардинов Жамбыл облысының Байзақ ауданында адам өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғаға байланысты қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Жамбыл облысының Байзақ ауданында адам өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғаға байланысты жеке өз атымнан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, ондағы зардап шеккендерге тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін.
Қаза тапқан әскери қызметшілер, құтқарушылар шынайы ерлік пен жанқиярлықты көрсетті және олар халық жадында қалады. Болған оқиға барлығымыз үшін ортақ қайғы», – деп жазды instagram парақшасына.
Айта кетейік, ҚР Президентінің Жарлығымен 29 тамыз – Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.