Алматыда Беркімбай Пәрімбетовтің 90 жылдығына конференция өтті

Алматыда  Беркімбай Пәрімбетовтің 90 жылдығына конференция өтті
Ол елімізде құрылыс саласының тұңғыш министрі болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жақсының жарығы сөнбейді. Алматыда еліміздің құрылыс индустриясына орасан зор еңбегі сіңген, мемлекет және қоғам қайраткері Беркімбай Пәрімбетовтің 90 жылдығы аталып өтті. Осыған орай, академиктің әріптестері «Ғылым ордасында» шетелдік және отандық ғалымдардың басын қосып, конференция өткізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Онда олар Қазақстанның құрылыс саласындағы жетістіктері мен жоспарларын талқылады. Кадрларды даярлау, жас мамандардың біліктілігін арттыру мәселесі де назардан тыс қалмады.

«Беркімбай Пәрімбетұлы – еліміздің дарынды ұлдарының бірі. Өте жас министр болды. Кезінде Қазақстан дамып келе жатқанда құрылыс саласының тұңғыш министрі болды. Бүгінде осы салада 130 мың адам жұмыс істейді. Қазақстанда құрылыс жақсы дамып келе жатыр. Міне, оның негізі сол кезде қаланды», – деді «Тұран» университетінің ректоры Рахман АЛШАНОВ.

Шараға жиналғандар ғалымның көпке үлгі болатын тағдыры мен еңбектері жайлы сөз қозғады. Академик 36 жасында Қазақстанның құрылыс материалдары өнеркәсібі министрі лауазымына сайланған. Түрлі жылдары басшылық қызметтер атқарған.

«Өкінішке қарай, әкеміз өмірден ерте кетті. Бар болғаны 67 жасында бақилық болды. Егер балалық шағымды еске алсам, әкеміздің бір демалғанын көрген емеспіз. Үйге келсе де қолынан газет түспейтін. Үнемі оқу оқып, күні-түні жұмыс істейтін. Бүгінгі конференцияға жастар да қатысып отыр. Олар бір ғана дүниені түсінсе деймін. Еңбек пен табандылықтың арқасында жетістікке жетуге болады. Сондықтан, оқудан қашанда талмау қажет», – деді  Б. Пәрімбетовтың қызы Роза ПӘРІМБЕТОВА.

Новости партнеров