Елордадан заңсыз келген 41 шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан тысқары жерге шығарылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы көші-қон қызметінің басқарма басшысы Арман Баймұхамет айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазіргі уақытта елордада жағдай тұрақты. Қала аумағы бойынша 6 блок-бекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдай режимі жарияланған уақыттан бері 353 белгіленген талапты бұзу фактісі тіркелген.
«Көші-қон заңнамасын бұзудың 1300-ден астам дерегі анықталды. Оның ішінде 295 заңбұзушылық шетелдік азаматтар тарапынан болған. Республикадын тыс жерлерге 41 шетелдік азамат шығарылды. Бұдан басқа тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін және тұрғын үй иелерінің немесе басқа да тұлғалардың оларда нақты тұрмайтын адамдарды тіркеуге жол бергені үшін Қазақстан Республикасының 940-тан астам азаматы жауапкершілікке тартылды», – деді Полиция департаменті көші-қон қызметінің басқарма басшысы Арман Баймұхамет.