|
02.02.2021 | 13:22
3032

Түрік сериалдарын көрсетуді тоқтатты

Эфирде бір жарым жыл жүрген «Қанатсыз құстар» (Kanatsız Kuşlar ) түрік сериалын көрсетуді тоқтатты

Түрік сериалдарын көрсетуді тоқтатты

Өзбекстанда «Sevimli TV» арнасы эфирде бір жарым жыл жүрген «Қанатсыз құстар» (Kanatsız Kuşlar ) түрік сериалын көрсетуді тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Nege.kz-ке сілтеме жасап.

19 қаңтарда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің төрағалығымен өткен жиналыста кейбір телеарналардың шетел сериалдарын жиі көрсететіні айтылған. «Sevimli TV»  телеарнасы кино редакциясының бір қызметкерінің хабарлауынша, арна бағдарламасы өзгерген. Енді шетел сериалдарының орнына отандық фильмдер көрсетіледі. 29 қаңтарда телеарна «Қанатсыз құстар» (Kanatsiz kuşlar) түрік сериалын көрсетуді доғарған. Бұл сериал 2019 жылдан бері көрсетіліп келген. Бір жарым жылда өзбек көрермендері оның 91 сериясын көріп үлгерген. Олар фильмді эфирден алып тастағанын сынға алған.

 «Сериалдың аяқталуына аз қалғанда оны эфирден алып тастады. Атам мен әжем осы сериалды сүйіп көретін. Үлкен кісілерді құрметтеп, фильмді аяғына дейін көрсетуі керек еді. «Стамбулдан түскен келін» сериалын да дәл осылай үзіп тастады», – деп жазды көрермендердің бірі әлеуметтік желіде.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир