2021 жылы iPhone 13 шығарылмайды
Фото: ichip.ru
Смартфонды iPhone 12-нің жаңартылған нұсқасы десе болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2021 жылы Apple өзінің смартфондарына классикалық атауларды қайтарады. Нарыққа IPhone 13-тің орнына iPhone 12s моделі шығарылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Купертино жаңа модельді 2021 жылдың қыркүйегіне дайындап жатыр. Смартфонды iPhone 12-нің жаңартылған нұсқасы десе болады.
2021 жылғы iPhone 2020 моделінің дизайнын сақтайды. Желілік ақпарат берушілер смартфонның корпусы қалыңдайды деп санайды. Есесіне экраны үлкейіп, дисплей 120 герц жоғары жаңарту жиілігін алады.
Сондай-ақ, Bloomberg мәліметтері бойынша, Apple 2021 жылға арналған жаңа функцияны сынап жатыр. Бұл – экрандағы саусақ ізі сканері, яғни iPhone-ды ашудың жаңа тәсілі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33