ІІМ ресейліктер еліміздің қай өңірлеріне келіп жатқанын айтты
duma.gov.ru
Ресей Федерациясы азаматтарының басым бөлігі еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2022 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 16 837 ресейлік азамат Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың басым бөлігі (2463) Қызылорда облысына келген. Сондай-ақ Алматыға - 2116, БҚО - 1677, Қостанай облысына - 1525 ресейлік келіп орналасқан.
Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, Ресей Федерациясы азаматтарының негізгі бөлігі (8217) еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген. 24 ақпан мен 13 сәуір аралығында Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға 677 өтініш қабылданған.
Бұған дейін 170-ке жуық Ресей азаматы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06