|
20.09.2019 | 13:41
2990

Алматыда зағип жандар арасында республикалық «Екі жұлдыз» байқауы басталды

Сайыстың басты талабы – әндер тек қазақ тілінде орындалуы қажет.

Алматыда зағип жандар арасында республикалық «Екі жұлдыз» байқауы басталды

Мүмкіндігі шектеулі болса да, тұла бойлары тұнған өнер екендігін көрсетуге келген олар үшін бұл фестивальдің маңызы ерекше дейді ұйымдастырушылар. Осымен төртінші мәрте өткізіліп отырған байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз және Павлодар қалаларынан өнерпаздар келген,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Іс-шара енді осымен төртінші рет өтейін деп отыр. Бұл – республика бойынша зағип жандар арасындағы «Екі жұлдыз» фестивалі. Біздің мақсатымыз – зағип, көз жанары көрмейтін өнерпаздардың ортасынан таланттарды елге таныту. Республика бойынша 20 адам,  10 жұп келіп отыр», – деді «Екі жұлдыз» фестивалінің директоры Әзизхан ӘДІЛХАНОВ.

Сайыстың басты талабы – әндер тек қазақ тілінде орындалуы қажет. Одан бөлек, көше әндері, халық композиторларының әндері болып екі топқа бөлінген.  

«Бұл азаматтардың да арасында неше түрлі таланттылар бар. Керісінше мұндай азаматтардың есту қабілеті қатты дамиды. Қазіргі теледидардың бетін бермей жүрген әншілерге, фонограммамен шығып жүрген әншілерге олар керісінше үлгі болуы керек,. Бұлардың арасынан бүгін талант шығатынына мен сенемін», – деді композитор Ержан БЕЛҒОЗИЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир