Елімізде су тасқынынан 18 мыңнан астам баспана бүлінген. Оның 9 мыңы қайта қалпына келтіруге болатын нысан қатарында, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінде су астында қалған ғимараттарды бағалау жұмыстары аяқталуға жақын. Үкімет басшысының орынбасары қираған үйлерді қалыпқа келтіруге шамамен 257 млрд теңге қажет екенін айтты. Қанат Бозымбаевтың сөзінше, қазір 67 мың тұрғын үйіне оралған. Ал 3664 адам әлі күнге дейін эвакуациялық пункттерді паналап жүр.
– Бағалау толық аяқталғаннан кейін зардап шеккен тұрғындарға 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша өтемақы төленеді. Шамамен 7 млрд 600 миллион теңге көлемінде 15 мың 355 отбасына өтемақы үлестіріледі. Ал мал шығыны үшін мемлекеттік көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты. Біз барлығын бақылауда ұстап отырмыз. Су тасқынынан зардап шеккен бірде-бір отбасы шет қалмайды, – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев.
Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов инфрақұрылымның жылыту маусымына дайындығын бақылауға алуды тапсырды