Ұрылар қандай пәтерге жиі түседі

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қанат Нұрмағамбетов ұрылардан қалай сақтану керегін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Адамдар әлеуметтік желілер арқылы үйге ұры түсуіне өздері себепкер болады. Бұл туралы Ішкі Істер министрлігінің өкілі айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, азаматтар тұрғын үйдің орналасқан жерін, жағдайын, қандай көліктермен жүретінін белсенді түрде жариялап жатады. Сондай-ақ, қала сыртында немесе курортта отырғаны туралы жазба, видео жиі жариялайды. Бұл жағдайда пәтерлер көбінесе қараусыз қалатындықтан ұрылар жымысқы әрекетін жүзеге асырады. Статистика бойынша үш күннің ішінде елімізде 294 пәтер ұрысы ұсталыпты.

«Қылмыстық жауапкершілікке 294 пәтер ұрысы, оның ішінде 22 топ тартылды. Ұрланған заттар сатылатын 1 500-ден астам орын тексерілді. Бұған дейін пәтер ұрлығы үшін іздеуде жүрген 8 қылмыскер, 67 күдікті ұсталды. Мәселен, Қостанай қаласында бұған дейін істі болған 2 жергілікті тұрғын қолға түсті. Олар пластик терезелерді бұзу арқылы 4 пәтерді тонағаны анықталып отыр. Күдіктілер келтірген шығын 1,5 млн теңгеден асып түседі», – деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Новости партнеров