Мұнайлы ауданындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінде оқушылардың улану жағдайы бойынша жедел штабтың жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Дәрігерлер оқушылардың жағдайын толық бақылауда ұстап отыр. 7 қыркүйек күні сағат 22:00-дегі мәлімет бойынша 141 бала медициналық көмекке жүгінді. 82 бала емханада ем қабылдап жатыр. 43 бала үй жағдайында бақылауда. 16 бала ауруханада жатыр», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазір облыс бойынша жедел-жәрдем бригадасы қызметінің мамандары толық құрамда қызмет көрсетіп жатыр. Төсек-орындар мен дәрі-дәрмектер қоры жеткілікті.
Еске салайық, оқушылардың жаппай астан улану дерегі Мунайлы ауданында тіркелді. 6 қыркүйекте кештен бастап №8 мектептің 21 оқушысы жедел жәрдем шақырған. Балалардың бәрінің іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Бұл туралы жазған едік. Соған байланысты құзырлы орган өкілдерімен бірлескен арнайы штаб құрылып, қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы ресми мәліметке сүйенсек, астан уланған бала саны 141 болды.
Оқи отырыңыз: Маңғыстау мектептерінің бірінде оқушылар жаппай уланып қалды