Алматы әкімдігі газ тексеруші алаяқтардан сақ болуды ескертті

Алматы әкімдігі газ тексеруші алаяқтардан сақ болуды ескертті
Алаяқтар газ-пешінен де, оның қосалқы құрылымынан да "ақау" тауып, оған сендіре алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда газ жабдықтарын тексеру қызметі ретінде тұрғындарды алдайтындар көбейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігі хабарлады. Әлеуметтік желілерде тұрғындар газ жабдықтарын ақылы түрде тексеруге келетіндер көбейгенін айтып шағымданды. Олар өздерін тексеруші компания қызметкерлері ретінде таныстырады. Алаяқтар газ-пешінен де, оның қосалқы құрылымынан да "ақау" тауып, оған сендіре алады.

«Алаяқтарды бірден анықтау қиын, өйткені газ жабдығын тексерумен газ жеткізуші емес, келісім-шарт жасасқан ЖШС айналысады. Сіз қызмет көрсететін ұйымға қоңырау шалу арқылы алаяқты анықтай аласыз. Оның байланыс нөмірлері әдетте түбіртекте көрсетіледі. 104 қызметі тек төтенше жағдайларды жоюмен айналысады», –  дейді әкімдік өкілдері.

Сондай-ақ, әкімдіктегілер алаяқ арбауына түспеу үшін бірнеше кеңес берді.

Есікті ашпас бұрын, тексерушінің қызметтік куәлігін сұрап, қызметкердің жеке басын тексеру үшін ұйымға қоңырау шалыңыз;

Көршілеріңіз көрсетілген тізім бар екеніне көз жеткізіңіз. Өйткені жоспарлы тексеру кезінде коммуналдық қызметкерлер бүкіл пәтерді немесе көшені бірден тексереді;

Үйге тек бір қызметкердің кіруіне рұқсат етіңіз;

Оларды мұқият бақылап, бөлмеде жалғыз қалдырмаңыз;

Ақау анықталған кезде акт жасауды талап етіңіз;

Ақша берсеңіз түбіртек талап етіңіз;

Новости партнеров