Отан қорғаушылар күні теңіз шекарашылары 101,5 млн теңге шығынның алдын алды

Отан қорғаушылар күні теңіз шекарашылары 101,5 млн теңге шығынның алдын алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміз Отан қорғаушылары күнін мерекелеп жатқан кезде шекарашылар Каспий теңізінде мемлекетімізге келтірілуі мүмкін 101 504 500 теңге шығынның алдын алды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Батыс шекарада жалпы құны 10 420 000 теңгенің шекара арқылы заңсыз өткізуге талпынған тауарын Мемлекеттік кіріс департаменттеріне тапсырды.


Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасына қарасты шекара кемелері теңізден екі күнде жалпы көлемі 9350 ілмекті аулау құралы мен 200 метр ау тауып алды. Аумақтық және ішкі сулар тәртібін бұзған Қазақстан азаматы ұсталып, одан үрлемелі қайық тәркіленіп, 25250 теңге айыппұл салынды. 100 ден астам бекіре тұқымдас балық тірідей теңізге лақтырылып, Мемлекетке келтірілуі мүмкін 101 504 500 теңге шығынның алдын алды.

Осы аталған Өңірлік басқармаға қарасты Атырау шекара отрядының «Құрманғазы-авто» бөлімшесінде Қазақстаннан Ресейге қарай «ДАФ» автокөлігімен өтпекші болған 44 жастағы Әзірбайжан азаматы ұсталды. Шекара наряды оның автокөлігін тексеру барысында кабинадағы орындықтың астынан салмағы 12 кг-ға жуық 1 бекіре балығын тауып алған. Мемлекетке келтірілген шығын 3 030 000 теңге деп есептелді.

Сондай-ақ Орал шекара отрядының «Сырым авто» бөлімшесі және Ақтөбе шекара отрядының «Әлімбет авто» «Жайсаң авто» бөлімшелері Мемлекеттік шекарадан өткізуге рұқсат қағаздары жоқ 10 420 000 теңгенің тауарын (21 тонна бұрын пайдаланылған құбырлар, трактордың қосалқы бөлшектері,  «Билайн» сим карталары, 1000 литр дизель отыны, халық тұтынатын тауарлар) актімен Мемлекеттік кіріс департаменттеріне тапсырды.

Семейдің «Ауыл авто» бөлімшесінде шекара наряды Қазақстаннан Ресейге қарай 200 жәшік «ZUMERRET» атаулы акциздік маркасы жоқ темекі өнімдерін өткізбек болған екі Қазақстан азаматын ұстады.

Новости партнеров