Отандық автолотореяның жеңімпазы өз ұтысын Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған курсанттарға арнады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Ойламаған жерден көлік ұтып алғанда ойыма келгені осы болды» деген Нұрлыбек Иманбаевтың өзі де әскери қызметте жүр. Ол енді 2018 жылы шығарылған Hyunday Accent маркалы автомобилінің қаржысын қайырымдылық мақсатында жұмсамақ.
«Ұтысымды Алматыда болған тәртіпсіздік кезінде шекара қызметі академиясының қайтыс болған курсанттарына, солардың отбасына арнадым. Екінші бөлігін Москвада ем алатын сырқат баланың еміне жұмсауға, үшінші бөлігін «Қарекет» қоры арқылы Бөкейорда ауданындағы мұқтаж жандарға көмектесуге ниет еттік», - дейді жеңімпаз Нұрлыбек Иманбаев.