|
29.07.2022 | 14:04
6462

Қымбат пияз: Ауыл шаруашылығы министрлігі тексеріс жүргізбек

Дүкендерде пияздың орташа бағасы 191 теңге

Қымбат пияз: Ауыл шаруашылығы министрлігі тексеріс жүргізбек Ашық дереккөз

Пияз бағасының негізсіз өсіміне қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі тексеріс жүргізбек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Себебі жыл басынан бері өнім құны 2 есеге өскен. Бұл соңғы 4 жылдағы ең жоғары өсім дейді ведомство өкілдері. Қазір дүкендерде пияздың орташа бағасы 191 теңге. Ал Алматы облысында тауар келісін 308 теңгеден сатқандар болған. Мәселені шешу ісіне министрліктен басқа сауда комитеті, облыс әкімдіктері араласатын болады.

«АШМ ішкі бағаны қалыптастыру мақсатында өнім бағасына талдау жасау, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып келісім-шарт жасау және пиязды аймақтарға жеткізуді ұйымдастыру тапсырылды. Сондай-ақ пиязды экспорттауға тыйым салу немесе шектеу енгізу туралы мәселені сыртқы сауда мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында көтеру керегі айтылды», – деді ҚР СИМ ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир