|
26.12.2020 | 14:16
9586

Елімізде қоғамдық тамақтану орындарында кальян шегуге тыйым салынды

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы

Елімізде қоғамдық тамақтану орындарында кальян шегуге тыйым салынды открытые источники

Елімізде қоғамдық тамақтану орындарында кальянды пайдалануға тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің коронавирустың таралуын алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы жаңа қаулыда айтылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салуды қамтамасыз етсін», – делінген қаулы мәтінінде. Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.

Еске салсақ, бүгін ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерініңҚазақстан халқы арасында коронавирус инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы жаңа қаулысы жарияланды. Қазақстанда 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін шектеу шаралары күшейтілетіндігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир