Қазақстанда құқық қорғау жүйесін реформалауға 173 миллиард теңге бөлінеді

открытые источники
открытые источники
Қаражат тәртіп сақшыларының жалақысын көбейтуға, баспана жалдауына, заманауи фронт-кеңсе құруынаа жұмсалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Саланы толыққанды қайта ұйымдастыру қажет деген мемлекет басшысы полицейлердің айлығын өсіріп, пәтер жалдауға және қызметкерлерді оқыту үшін жағдай жасамақ. Осылайша тәртіп сақшыларының жұмысын тиімді етіп, беделін арттыру көзделіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Туыстарды сергелдеңге түсіріп, мұңға батырған бұл оқиғаға жақында бір жыл толады. Есте болса, Алматыда өткен жылдың қараша айында Жамбыл облысының тумасы Мәди Қарамолдаев із-түссіз жоғалып кеткен еді. Ақыл-есі кем жігіт бауырлары мен бірге «Барахолка» базарына тауар алуға барыпты. Бірақ айналдырған 30 минуттің ішінде ағалары одан көз жазып қалған. Сорақасы сол, жоғалған күні мейірімді жандар Мәдиді тауып, полицияның қолына табыстаған. Тек сөйлеуден қиналатын мүгедек жігіттің қолында жеке басын растайтын құжаты жоқ болғандықтан, тәртіп сақшылары оны бос қая салыпты. Міне, содан бері жоғалған жігіттен бірде бір хабар жоқ.

«Ол кісілердікі дұрыс емес қой енді. Абзал деген бала тауып әкеліп соларға өткізген ғой. Арызын да жазып берген. 02-ге қоңырау шалған. Хабарласып бізге айтса, бірден алып кетеміз ғой. Ол кісілерге сенуден қалдым. Мынадан кейін мүлдем сенбеймін. Не дерімді де білмеймін», – деді М.Қарамолдиевтің апасы Әсемкүл КӘРІБОЗОВА.

Отбасының енді Мәдидің суреттерін қарап, сағынышын басудан басқа амалдары қалмады. Ұлымыз келеді деп үміт үзбеген олар жігіттің аман-есен келетініне сенеді. Тек жұмысына жүрдім-бардым қарайтын тәртіп сақшыларына деген сенім қалмады дейді. Сөздерінше, Мәдиді іздеу қазір тоқтап тұр. Істі қолына алған полицейлер үн-түнсіз дейді жігіттің апасы. Бұл тек келтірілген бір мысал ғана. Елімізде қылмыстық істің дұрыс тергелмеуі, оның созбалаңға салынуы, тіпті кейде сотқа дейін жетпеуі секілді олқы тұстары да бар деп халық шырылдайды. Дегенмен, Алматы қаласының полиция департаменті қазір іс электронды түрде жүретіндіктен мұндай жағдай сәп тыйылды дейді.

«Олар қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен көзделген мерзімдерді шектеген жоқ. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жалпы бұзу деректері анықталған жоқ. Барлығы өз орнымен, өз уақытысымен сотқа жөнелтілетін болады. Жалпы заң бойынша қылмыстық істің тергелу мерзімі кем дегенде 2 ай. Бірақ арасында күрделі сараптамалар болса, басқа да зерттеулер болса, 6 айға дейін созылуы мүмкін. Сонымен қатар, 6-дан да бірнеше жылға созылуы мүмкін. Барлығы прокураторының келісімімен. Қазір 85 пайыз қылмыстық істер электронды тұрғысында жүргізілуде. Бірден бір мақсаты қандай? Қылмыстық істің жоғалу деректерін жоққа шығару, қылмыстық істерді бұрмалау, арасында қандай да бір мәліметтерді жоққа шығару деректерін болдырмау. Бұл өте ыңғайлы», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Жыл басынан бері Алматыда тергеу басқармасы 45 мыңнан аса қылмыстық іс қозғап, бірыңғай реестрге тіркеген. Дегенмен, оның 15 мыңнан астамы бірнеше себеппен тоқтатылыпты. Сезіктінің қайтыс болуы, қылмыстық істің құрамының жоқ болғаны, өзара татуласу деректері бар. Соңғы 8 айда 21 мыңнан астам істің өндірісі аяқталып, сотқа жөнелтілген. Қазір 8 мыңнан астам қылмыстық іс өндірісте. Бұл тек бір ғана Алматыда орын алған жағдай. Ішкі істер министрлігінде қордаланған мәселені полиция ардагері Қадыр Әлиев кешенді шешу керек деп отыр. Сондай-ақ, полицейлер өнімді жұмыс істеу үшін, тиісті жағдай жасалса артық етпейді дейді.

«Бізде орын алған оқиға тез таралып қоғам арасында дереу қызу талқыға түседі. Қылмысты ізін суытпай ашу үшін бөлек мобильді топ құру қажет. Құрамында полицей, прокурор, кинологтар кіруі керек. Одан кейін, әрине полицейлердің тұрмыстық жағдайын көтерген орынды. Себебі, тұрғын үй мәселесі секілді басында көптеген шешілмеген мәселесі бар тәртіп сақшысы нәтижелі жұмыс істей алмайды. Алдымен қолдан келгенше жағдай жасап, кейін сұрау алу қажет деп ойлаймын», – деді Алматы қаласы ПД қылмыстық іздеу басқармасы ардагерлер кеңесінің мүшесі Қадыр ӘЛИЕВ.

Қазақстан халқына алғаш рет жолдау жасаған мемлекет басшысы қылмыстың алдын алуға алдымен полицейлер жауапты деді. Салаға толыққан реформа қажет деген президент полиция күштік құрылым деген ұғымнан ажырап, халыққа қызмет көрсететін органға айналатын болды. Келесі жылы әкімшілік полицияның құрылымы қайта қаралады. Тиісті министрлікті реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге қарастырылып отыр. Бөлінген қаражат тәртіп сақшыларының жалақысын көбейтуға, баспананы жалға алуға, заманауи фронт-кеңсе құруға жұмсалады.

«Құқық қорғау жүйесін толық реформалау – аса маңызды міндеттердің бірі. Полицияның мемлекеттік күштік құрылымындағы бейнесі бірте-бірте өзгеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналады. Ең алдымен, 2020 жылдың аяғына дейін Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру қажет. Мұны науқаншылдыққа айналдырмай, сапалы жүргізген жөн. Полицейлер жұмысының тиімділігі полиция қызметінің беделді болуына байланысты», – деді ҚР президенті Қасым-жомарт ТОҚАЕВ.

Биыл көктемде құқық қорғау жүйесін модернизациялайтын жоба көпшіліктің талқылауына ұсынылды. Сол кезде Ішкі істер министрлігі штаттағы 11 мың қызметкерді қысқартатынын айтылған еді. Үнемделген қаржыдан жалақы өсіру жоспарланды. Тек оның алдында барлық тәртіп сақшысы қатаң аттестациядан өтеді.

Жадыра Омаржан, Мұрат Тайжан, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров