2023 жылы қандастарды қабылдау квотасының саны ұлғаюы мүмкін
Almaty.tv
Ашық талқылау 5 желтоқсанға дейін жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Еңбек министрлігі «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» бұйрығын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ашық талқыға шығарылған құжатқа сай, 2023 жылы Қазақстан өңірлері 1 925 қандасты қабылдамақ. Сонымен қатар, еліміз 6 727 қоныс аударушыға квота беруі мүмкін.
Айта кетейік, биыл ел Үкіметі елге оралуға ниетті қандастар үшін - 1 499 квота, ал қоныс аударушыларға – 6 587 квота бөлген еді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығын ашық талқылау 5 желтоқсанға дейін жалғасады.
Дереккөз: ҚазАқпарат.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10