Бүгін «Алматы» телеарнасының Таңғы STUDIO бағдарламасында «Қайрат» футбол командасының мүшесі, футзалдан Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы атанған Дәурен Тұрсағұлов мерекені қай жерде қарсы алатыны жайлы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Футзал ойыншысының айтуынша, ол Жаңа жыл мерекесін отбасымен бірге Аягөз қаласында қарсы алады екен.
«Жаңажылдық мерекені отбасыммен Аягөз қаласында қарсы аламын. Еуропа чемпионатына жаттығу жиыны басталатын болғандықтан, 1 қаңтарда Алматыға қайту керек. Чемпионат 20 қаңтарда басталады. Жеңіспен оралуға тырысамыз», – деді ол.
Дәурен Тұрсағұлов қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебіз білдірді.
«Бәріңізге денсаулық, бақыт пен табыс тілеймін. Келіп жеткен Жаңа жылымыз құтты болсын!» – деді футболшы.