|
07.09.2021 | 14:35
3058

Солтүстік Қазақстанда астық ұрлаған 5 азамат ұсталды

Келтірілген шығын 1,5 миллион теңгеге бағаланып отыр

Солтүстік Қазақстанда астық ұрлаған 5 азамат ұсталды Almaty.tv

Солтүстік Қазақстанда 5 азамат 10 тонна астық ұрлау кезінде қолға түсті. Олар 2 камазға кезекпен астық тиеген. Көлік жүргізушісі мен екі комбайншы оқиға орнында ұсталса, қашып үлгерген тағы 2 адам келесі күні құрықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Келтірілген шығын 1,5 миллион теңгеге бағаланып отыр. 26 мен 51 жас аралығындағы күдіктілер уақытша қамау изоляторына  тоғытылды. Егін жинау науқанын байланысты өңірде полицияның арнайы операциясы жүріп жатыр.

«Облыс аумағында «Астық» жедел профилактикалық іс-шарасы бастау алды. Іс-шараның өткізілу мақсаты жаңа астықтың және жанар-жанармай, ауыл шаруашылық қосалқы бөлшектері ұрлығына жол бермеу. Осыған байланысты, облыс аумағында әр ауданда мобилдік топ құрылды», – деді облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Азамат Құсайынов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир