|
20.07.2024 | 14:37
381

Жолда адам қағып, мерт қылған жүргізуші ұсталды

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Жолда адам қағып, мерт қылған жүргізуші ұсталды elements.envato.com

Ақмола облысы аумағында «Жезқазған-Петропавл» тасжолында адамды қағып мерт қылып, артынша оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай биыл 16 шілдеде Жарқайың ауданының Пригородное ауылы маңында болған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары автокөліктің соқтығысуы өлімнің себебі болуы мүмкін екендігін және оқиға орнынан белгісіз көлік құралының сынықтары мен іздерін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Пригородное ауылының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам жолда белгісіз адамды қағып, артынша оқиға орнынан қашып кеткенін растады.

«Қазіргі кезде автокөлік тәркіленіп, кінәлі жүргізушінің үстінен қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзуы) және Қылмыстық кодекстің 347-бабы (ЖКО болған жерден кетіп қалу) бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жүк көлігі жолдың шетінде тұрған жеңіл көлікке соғылғанын жазған едік.

Оқи отырыңыз: Қытайда көпір опырылып, 11 адам мерт болды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир