Елімізде қарттар күні, Семей полигоны жабылған күн және Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні бекітілді. Құжат бойынша, мейрам күндерінің тізбесі төменде көрсетілген тармақтармен толықтырылды. Құжатқа премьер-министр Асқар Маминнің қолы қойылған. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстандағы мерекелік күндерінің толық тізімі мынадай:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы күні - 10 қаңтар;
2. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шектеулі контингентін шығару күні — 15 ақпан.
3. Алғыс айту күні - 1 наурыз;
4. Жерге орналастыру, геодезия және картография күні - наурыздың екінші сенбісі;
5. Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі;
6. Ғылым қызметкерлері күні - 12 сәуір;
7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні - 21 сәуір;
8. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні - 17 мамыр;
9. Мәдениет және өнер қызметкерлері күні - 21 мамыр;
10. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр;
11. Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні - мамырдың соңғы жексенбісі;
12. Қазақстан Республикасы рәміздері күні - 4 маусым;
13. Эколог күні - 5 маусым;
14. Полиция күні - 23 маусым;
15. Мемлекеттік қызметші күні - 23 маусым;
16. Жеңіл өнеркәсіб қызметкерлері күні - маусымның екінші жексенбісі;
17. Медицина қызметкері күні - маусымның үшінші жексенбісі;
18. Журналистер күні - 28 маусым
19. Дипломатиялық қызмет күні - 2 шілде;
20. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні - 13 шілде;
21. Балық шаруашылығы қызметкерлері күні - шілденің екінші жексенбісі;
22. Металлург күні - шілденің үшінші жексенбісі;
23. Сауда қызметкерлері күні - шілденің төртінші жексенбісі;
24. Көлік қызметкерлері күні - тамыздың бірінші жексенбісі;
25. Құрылысшы күні - тамыздың екінші жексенбісі;
26. Шекарашы күні - 18 тамыз;
27. Спорт күні - тамыздың үшінші жексенбісі;
28. Шахтер күні - тамыздың соңғы жексенбісі;
29. Семей ядролық сынақ полигондарының жабылған күні — 29 тамыз.
30. Білім күні - 1 қыркүйек;
31. Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні - қыркүйектің бірінші жексенбісі;
32. Отбасы күні - қыркүйектің екінші жексенбісі;
33. Қазақстан халқы тілдерінің күні - қыркүйектің үшінші жексенбісі;
34. Атом саласы қызметкерлерінің күні - 28 қыркүйек;
35. Әділет органдары қызметкерлерінің күні - 30 қыркүйек;
36. Машина құрастырушылар күні - қыркүйектің соңғы жексенбісі;
37. Еңбек күні - қыркүйектің соңғы жексенбісі;
38. Қарттар күні — 1 қазан.
39. Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні - 6 қазан;
40. Ұстаздар күні - қазанның бірінші жексенбісі;
41. Құтқарушы күні - 19 қазан;
42. Орман шаруашылығы қызметкері күні - қазанның үшінші жексенбісі;
43. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні - қазанның соңғы жексенбісі;
44. Күзет ұйымдары қызметкерлері күні - 29 қазан;
45. Сыртқы барлау күні - 5 қараша;
46. Статистика күні - 8 қараша;
47. Ұлттық валюта күні, Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - 15 қараша;
48. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні - қарашаның үшінші жексенбісі;
49. Прокуратура күні - 6 желтоқсан;
50. Энергетик күні - желтоқсанның үшінші жексенбісі.