|
05.03.2021 | 14:50
7649

Бизнес бастау: Алматыда биыл тағы мың адамға 583 400 теңге грант беріледі

Бүгінге дейін өңір бойынша 9500 адам түрлі саладағы курсты оқыса, оның 4,5 мыңнан астамы өз кәсібін бастап үлгерген

Бизнес бастау: Алматыда биыл тағы мың адамға 583 400 теңге грант беріледі Almaty.tv

Өз ісін бастап, жеке кәсіп ашамын дегендер үшін мемлекеттен қолдау көп. Бүгінге дейін өңір бойынша 9500 адам түрлі саладағы курсты оқыса, оның 4,5 мыңнан астамы өз кәсібін бастап үлгерген. Оның ішінде мүгедектер, көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылар бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еліміз бойынша жыл сайын дәстүрге айналған «Бизнес бастау» жобасы биыл да жалғасады. Жұмыссыз азаматтар мен ауыл тұрғындары жасына қарамастан кәсіпкерліктің қыр-сырын үйреніп, өзі ісін ашуға жеңілдетілген несие алуына мүмкіндік бар. Биыл қала бойынша құны 583 400 теңге мөлшерінде мың адамға грант беріледі деп жоспарланып отыр.

«Бизнес Бастау» жобасына өтінім берушілер жергілікті қалада тұрғылықты мекенжайы болуы маңызды. Мысалы, Алматы қаласынан тапсырсаңыз, осы қаладан арнайы анықтама сұралады. Жобаға өтінім беру сәуір айында басталады. Қазір жұмыссыз азаматтар біздің мекенжайға келіп, мамандардан кеңес алуына болады», – деді қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмәмбетов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир