|
17.07.2020 | 23:23
1828

Мемлекеттік тілде ақпарат жеткілікті деңгейде емес: Балаева баяндамашыларға қазақ тілінде сөйлеу керегін ескертті

Қазақстанда мемлекеттік бюджетті жоспарлау электронды форматқа көшірілмек

Мемлекеттік тілде ақпарат жеткілікті деңгейде емес: Балаева баяндамашыларға қазақ тілінде сөйлеу керегін ескертті ашық дереккөз

«Ашық бюджеттер» порталының жұмысын халыққа жеткізуде кемшілік бар. Бүгін Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қаржы министрлігіне осындай сын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Комиссияның отырысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мәселелері, «Ашық бюджеттер» порталын жетілдіру бойынша жұмыс жоспарының орындалуы талқыланған болатын.

«Үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Бірақ, өкінішке қарай,  халық осындай жұмыс атқарылып жатқанын білмейді. Сондықтан халықты ақпараттаныру мәселесін қолға алу керек. Жалпы қазіргі таңда мемлекеттің қаражаты қалай жұмсалып жатқаны және оның тиімді жұмсалуы, әр жобаның жүзеге асырылу барысы барлық азаматымызды мазалайды. Осыған орай «Ашық бюджеттер« порталының бар екенін, онда мемлекеттік органдар қаражаттарының барлығы халыққа ашық екенін көрсету керек», – деді  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Қаржы-вице-министрі Руслан Еңсебаевтің сөзінше, Қазақстанда мемлекеттік бюджетті жоспарлау электронды форматқа көшірілмек. Ал, Аида Балаева бюджет қалыптастыруға қоғамның қатысу үлесі де төмен деңгейде қалып отырғанын айтты. 2019 жылға арналған бюджет ашықтығы жөніндегі халықаралық шолу сараптамасы бойынша Қазақстан 100 баллдың 58 баллын жинаған. Бұдан бөлек, отырыс барысында Аида Балаева баяндамашыларға қазақ тілінде де сөйлеу қажеттігін ескертті.

«Барлық баяндамашыларға айтарым, слайдтың бәрі орысша болғаннан кейін өздеріңіздің баяндамаларыңызды қазақша жасауға болады ғой. Өйткені, бұл жиналысымыз фейсбукте өтіп жатыр. Бұған қоса, біз ақпараттандыру мәселесін айтып отырмыз. Ал мемлекеттік тілде ақпарат жеткілікті емес. Жұмысымыз орыс тілінде жүргізілгеннен кейін халық түсінбей отыр. Слайдтарымыз орысша жасалса, баяндаманы қазақша жасауға болады», – деді  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир