Алматының туристік хабында тау туризмінің негіздері жайында дәрістер өтіп жатыр

nur.kz
nur.kz
Оқу жылының басынан бастап дәрістерді қалалық мектептер, лицейлер, орта арнаулы оқу орындары мен жоғары оқу орындары базасында өткізу жоспарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының туризм басқармасы Алматы Спорттық туризм федерациясымен және «Романтик» туристік клубымен бірлесе отырып, ақпараттандыру мақсатында «Жер сілкінісі мен сел кезінде өзіңді қалай ұстау керек» деген тақырыпта дәрістердің өткізілуін жариялайды, деп хабарлайды Almaty.tv 

Әр бейсенбі күні сағат 18:30-да туристік хабта шақырылған сарапшылар тау туризмінің негіздері туралы айтатын болады.

Қалың бұқараның хабардарлығын арттыру үшін Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығы тау туризмі негіздері және тау мен жабайы табиғатта уақытты қауіпсіз өткізу туралы дәрістер топтамасын бастайды. Дәрістерді жыл соңына дейін аптасына 2 рет өткізу жоспарлануда.

Бір дәрістің ұзақтығы 90-120 минут. Шақырылған дәріскерлер тізімінде құтқару қызметінің, ТЖД мамандары, тәжірибелі спортшылар, альпинизм нұсқаушылары бар. Жазғы уақытта дәрістерге белсенділер мен еріктілерді қатыстыру, сондай-ақ жаңадан келген туристерді қамту жоспарлануда.

Оқу жылының басынан бастап дәрістерді қалалық мектептер, лицейлер, орта арнаулы оқу орындары мен жоғары оқу орындары базасында өткізу жоспарланып отыр. Оқушылар мен студенттер үшін 2 күндік форматта 2 сабақтан өткізу қажет. Дәрістерді хаб лекторлары мен белсенділері оқиды. Білім беру процесін неғұрлым кең ауқымды ету үшін бір күндік интенсив түрінде осы дәрістерді  (ТҚН, АӘД және т.б. мұғалімдер) оқитын мұғалімдерге нұсқаулық жүргізу қажет.

Көпшілікке арналған дәрістердің нәтижесі ретінде:

  • Халықтың жорықтарының қауіпсіздік деңгейін арттыру,
  • Табиғатта болған кезде туындайтын ТЖ санын азайту,
  • Жорықтардың жалпы этикасын қалыптастыру.

Новости партнеров