|
05.02.2020 | 15:00
13153

Алматыда тағы да дабыл қосылады

Қалада әдеттегідей құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіледі

Алматыда тағы да дабыл қосылады riavrn.ru

Алматы қаласының ТЖ департаменті 2020 жылғы 6 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 12 сағат 55 минутта құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексереді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Тексеру барысында электр дабылдарын қосу арқылы «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы және телеарналар мен радио толқындарын автоматты түрде бір уақытта қамту арқылы халыққа құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіліп жатқандағы туралы хабар беру қарастырылуда", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, мұндай тексеріс әр айдың бірінші бейсенбісі күні жергілікті уақыт 12 сағат 55 минутта жүреді. Егер ол күн мерекеге сәйкес келген жағдайда, келесі бейсенбіге калдырылады.

Осыған байланысты Департамент қала тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға және үрейленбеуге шақырады!

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир