Елбасы төтенше жағдай кезінде қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Фото: elbasy.kz
Фото: elbasy.kz
Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев және Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесіп, төтенше жағдай кезінде қаза болған адамдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Elbasy.kz-ке сілтеме жасап. 

Әңгіме барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына Жамбыл облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Байзақ ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою үшін қабылданған шаралар туралы және өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыс жайында мәлімет берілді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті төтенше жағдай кезінде қаза болған адамдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Новости партнеров