Аты аңызға айналған «Қара майор» Борис Төкенұлының ерлігі мен еңбегі тағы бір мәрте ұлықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл жолы оның жан жары марапатқа ие болып, оған құрмет көрсетілді. Іс-шараны «Ұлы дала» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.
Еске салайық, Борис Керімбаев - Ауған соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагері, қоғам қайраткері, полковник. Даңқты сардар Кеңес әскерінің құрамындағы арнайы жасақтың командирі ретінде де көпшілікке жақсы таныс.
– Ауған соғысы ардагерлері «Қара майорды» ұмытпайды. Олардың саны күн өткен сайын азайып келеді. Олар соғысты таңдаған жоқ. «Қара майор» деген лақап атымен белгілі Борис Төкенұлы мәңгі есімізде қалады. Ол туралы жастар да біліп жүруі тиіс, – деді «Ұлы дала» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғабиден Жәкей.
Оқи отырыңыз: Батыр таққа таласпайды, оны қорғайды - Бақытжан Ертаев