Тарихты білу – ұрпаққа парыз. «Жас ұрпақ» патриоттық орталығы оқушылар мен студенттерге елге еңбегі сіңген, аты тарихта қалған тұлғаларды таныстыруды жалғастырды. Бұл жолғы кездесу көрнекті Мемлекет қайраткері, ҚКОК -тың бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовке арналды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол – Кеңес Одағы жылдарында Қазақстанды басқарған тұңғыш қазақ басшы. Олар өмірден өткен ерен тұлғалардың өмірбаянын дәріптеуді келесі жылы да жалғастырмақ.
«Былтыр Жұмабай Тәшеновті таныстырдық. Одан кейін Өзбекәлі Жәнібеков. Бүгін Жұмабай Шаяхметовке арнап жатырмыз. Бұл кісі – 1946-1954 жылдары Қазақстанды басқарған бірінші қазақ. Бұл кісінің еңбегі туралы жастарға қысқаша фильм көрсетіп, кісінің өмірбаянын талдап түсіндірдік», – деді Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бахтияр Камалов.