Кинотеатрлар сәуір айында «Ashyq» пилоттық жобасына қосылады
Фото: vecher.kz
Алматыда жобаның келесі кезеңінде 15 бағыт бойынша жаңа нысандар қосылады деп жоспарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Кинотеатрлар «Ashyq» жобасына сәуір айында қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Vecher.kz-ге сілтеме жасап.
«Ashyq» жобасының келесі кезеңінде жобаға кинотеатрларды қосу жоспарланып жатыр. Бас санитар дәрігердің қаулысы шыққаннан кейін сәуір айының ортасында қосылады. Себебі кинотеатрлар карантин талаптарын сақтайтын, қадағалайтын нысандардың қатарында», – деді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.
Алматыда жобаның келесі кезеңінде 15 бағыт бойынша жаңа нысандар қосылады деп жоспарланып отыр.
«Қоғамдық тамақтану орындары, балаларды дамыту орталықтары және бизнестің барлық спектрі жобаға қосылуы мүмкін», – деп атап өтті спикер.
Айта кетейік, «Ashyq» қосымшасын 125 мың адам жүктеп алған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13